Қажымұқанның 150-жылдығына орай челлендж басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 ақпаннан бастап Қажымұқанның 150- жылдығына орай Республикалық бейне-челлендж бастау алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бейне-челлендждің ұйымдастырылуы мен басы-қасында Қажымұқан атамыз бен Балуан Шолақ атамыздың ізін жалғастырып жүрген, күш сынасу спорты бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы - Сергей Цырульников, Республикалық «Жас Сарбаз» әскери –патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев және «Жас Сарбаз» қозғалысының 10 тәрбиеленушісі қатысты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Челлендж қатысушылары барлық эпидемологиялық нормаларды сақтай отырып, ашық ауа астында қалалық «Жерұйық» саябағында, 150 «отжимания» жасап эстафетаны елімідің белді спорт майталмандары мен барлық аймақтардағы «Жас Сарбаз» филиалдарына жолдады.
«Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және келер ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ елінің атын жер тарапқа шырқатқан аңыз адам. Ізін жалғастырушы, дәуірлер жалғасы ретінде біздің басты міндетіміз- жастарға осы дәстүрдің жетуі мен оның құнын жоғалтпауға бағыт беру» - дейді Сергей Цырулников.
Айта кетелік, ақпан айының 3 күні бастау алған бұл жоба Ұлы даланың батыры дүниеге келген уақытқа, яғни сәуір айының 7- не дейін жалғаспақшы. Осы уақыт аралығында батыр есімі ұлықталып, бүгінгі ұрпақ толықтай атсалысары анық.
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» пен «Тобыл» тең түсті
- ҚР ҰҚК Атырау облысындағы шекара дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қарулы Күштерде 12 мыңнан астам адам короновирусқа қарсы вакциналанды
- Оралда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
-
«Аңсаған сәби»: ЭКҰ-ға жолдама алу үшін не істеу керек
-
Елордада ішімдікке елірген жастар көліктердің төбесінде ойран салған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам