Қазіргі әлемдік экономикадағы тренд жалғаса берсе, теңге бағамы тұрақталуы мүмкін – сараптама

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram-дағы TENGENOMIKA каналы әлемдік экономикалық ахуалға талдау жасай отырып, теңге бағамының келешегіне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күткеніміздей кеше АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) нарыққа қосымша өтімділікті енгізу жолымен экономиканы ақшалай жігерлендіру шараларының күшейтілетінін мәлімдеді. Осылайша қазіргі РЕПО операциясы арқылы күнделікті жарияланған 175 млрд АҚШ долларына тағы да үш айлық 500 млрд АҚШ доллары көлеміндегі екі РЕПО (1 трлн АҚШ доллары көлемінде) және 90 млрд АҚШ долларына тең екі апталық РЕПО қосылады. Сонымен қатар Нью-Йорк ФРЖ-сы сәуір айының ортасына дейін 60 млрд АҚШ долларына қазыналық вексельдерді сатып алатын болады. Қысқарта айтқанда АҚШ-тың орталық банкі нарыққа 1,5 трлн АҚШ доллары көлемінде ауқымды қаржыны құйып жатыр», - деп хабарлайды TENGENOMIKA каналы.

Хабарламаға сәйкес келесі аптада ФРЖ-ның кезекті отырысы өткізіліп, онда базалық ставка қосымша нөлге дейін төмендетілуі, тіпті сан жағынан жеңілдетудің QE4 – төртінші бағдарламасының басталғанын ресми түрде жариялануы мүмкін. Жалпы экономикадағы ақшалай ұсыныстарды арттырудың сан жағынан жеңілдеуі мен Твист операциясының үш бағдарламасы бар.

«Өз кезегінде доллар массасының мұндай ағымы америкалық валютаның өзіндік құнын түсіріп, шикізат бағасын төмендетіп, қаржылық қорларды демеуі мүмкін. Атап айтқанда қазірдің өзінде доллар 75 рубльден 73-ке түсіп, Brent маркалы мұнай барреліне 32-ден 35-ке көтерілген. Мыс та 1,5 пайызға қайта көтеріліп, ұзағынан құлдыраған Мәскеу биржасы 3,6 пайыздық өсімді көрсеткен. Осыған байланысты аталған трендтер жалғаса берсе (жалғасу мүмкіндігі көп) теңге бағамы шұғыл арада тұрақталуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар