«Қазсушаруашылығының» учаске бастығы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазсушаруашылығы» РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «Қазсушаруашылығы» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске бастығы А.Шалабаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Шалабаева сотқа дейінгі тергеу барысында аталған учаскеде жол салу және қайта жөндеу үшін бөлінген 5 575 740 теңге сомасындағы бюджет қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікті болған.
Шалабаева ағымдағы жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен 3 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Оған қатысты көрсетілген мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.


Соңғы жаңалықтар