Қазығұрт ауданында тұрғын үйлер жауын суынан тазартылды

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Қазығұрт ауданында тасқын судың қаупі сейіліп, тұрғын үйлер жауын суынан тазартылды. Көкібел су қоймасы маңында эвакуацияланған 133 тұрғынның жағдайы тұрақталып, қажетті азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қауіпсіз жерге көшірілгендер туған-туыстарының үйлеріне жайғасқан. Оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тиісті көмектер көрсетіліп жатыр. Жедел ұйымдастыру шараларының нәтижесінде Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдің ауласынан су тарту мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, 13 мамыр күні Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтерінде үйлердің ауласына жаңбыр суы жиналған болатын. Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері шығып, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсете білді.


Соңғы жаңалықтар