Қазығұрттық кәсіпкер екі отбасына баспана сыйлады

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі отбасына баспана сыйлады. Бұл жөнінде Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Көптен аңсаған арманы орындалып, баспаналы болғандар ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер бар. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақ шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.

Жаңа тұрғын үй «Қазығұрт» шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар. Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев үйді өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болуына себепкер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар