18:12, 29 Қараша 2019 | GMT +6
Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы елорда аудандары газбен қамтылады.
Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін іске асыру туралы дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жоспар бойынша Сарыарқа газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына алып келдік. Екінші мәселе: Нұрсұлтан, Қарағанды, Теміртау өңірлерін газбен қамтамасыз ету. Әкімдіктің қолдауымен осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде», - дейді ҚР Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков.
Ол әкімдік ақпаратына сүйеніп, Нұр-Сұлтан қаласындағы аудандарды газбен жабдықтау жұмыстары келесі жылы бітетінін айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Сарыарқа газ құбырларын төсеу жұмыстары 100% аяқталғаны туралы жазған болатынбыз.