USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Келесі жылы Маңғыстау ауылдары 100% ауыз сумен қамтылады – Нұрлан Ноғаев

2021 жылғы 25 қараша 15:40
Бөлісіңіз:
Келесі жылы Маңғыстау ауылдары 100% ауыз сумен қамтылады – Нұрлан Ноғаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін қабылдап жатқан шараларына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Облыстың дамуы мен халық санының қарқынды өсуіне орай өңірде суға деген сұраныс артып келеді. Бүгінгі күні облыс 154 мың текше метр су тұтынады. Жаз мезгілінде мамыр айынан қыркүйеек дейін 51 мың текше метр су жетіспейді. Ал, 2025 жылға қарай тұтыну 250-260 мың текше метрге жетеді деген болжам бар», - деді Н. Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, су тапшылығын жою жөнінде облыста 9 жоба іске асып жатыр.

«Оның екеуі келесі жылдың бірінші жартыжылдығында басталады. Біріншісі – Ақтау қаласында «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін жеткізу. Екіншісі – Қаражанбас кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшытатын зауыт биыл іске қосылады. Сонда 51 мың текше метрдің 31 мыңы қамтамасыз етіледі. Сайтта көрсетілгендей, 9 жоба жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» компаниясы Кендірлі ауылында тәулігіне 50 мың текше метр су тұшыту зауытын салып жатыр», - деді Н. Ноғаев.

Спикер Мемлекет басшысының өңірдегі ауыз су тапшылығын шешу үшін нақты тапсырмаларды жүктегенін еске салды.

«Біз белсенді жұмысты бастадық, инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз, басқа елдердің тәжірибесін зерделеудеміз. Қазір Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы мәселесін шешу біздің басты міндетіміз болып отыр. Ақтау қаласы, Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ету 100 пайызға жасақталған. Қазіргі уақытта ауылдық елдімекендерді қамту өткен жылы 92 пайыз болса, биылғы жылдың қорытындысы бойынша 96,2 пайыз болады.

Облыста барлығы 59 ауылдық елдімекен бар, соның 47-сі ауыз сумен қамтылған. 12 ауылды Президент 2022 жылға дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Биыл орталықтандырылған сумен 2 ауыл қамтылады: Бекі және Басқұдық. Нәтижесінде елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 96%-ға жетеді. Қалған 10 ауылды ауыз сумен қамтуды 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - деді Н. Ноғаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT