Келесте «Асыл ер - елімен бірге» атты салтанатты шара өтті

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат –Түркістан облысы Келес ауданында «Асыл ер - елімен бірге» атты салтанатты шара өтті. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ақментай Есбаев пен зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің әнұранымен бастау алған мерекелік жиынды аудан басшысы Ақментай Есбаев ашып, барша келестіктерді мерекемен құттықтады.

«Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде сарабдал саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Міне, сондықтан да әлем саясаткерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды», – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, әкім биыл Арыс апатында аудан атынан барып, қол ұшын берген азаматтарға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хатын табыстады. Бірқатар азаматтар аудан әкімінің марапатына ие болды.

Мерекелік көңіл-күйде өткен іс шара мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар