Кембридж университетінің «Fitzwilliam» мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көрменің бір бөлігіне Абай мұралары қойылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абайдың 175 жылдығын мерекелеу туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында облыстық тұжырымдама мен өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді. Оларды сәтті өткізу жөнінде жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына әртүрлі қызмет саласының өкілдері – тарихшылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуына қарағанда, жоспарға енген іс-шаралар кешенінің негізгі мақсаты – Абайдың көп қырлы философиялық және шығармашылық мұрасын жан-жақты ашу арқылы достық пен жасампаздықты көрсету болып отыр.

«Абай жылы аясында 560 шара өткіземіз. Сонымен бірге, алдағы жылдары Кембридж университетінің «Fitzwilliam» мұражайында үлкен «Ұлы дала алтыны» көрмесін өткіземіз. Ол көрменің бір бөлігі – Абай мұрасы мен шығармасына арналады. Ол көрме аталмыш мұражайда келесі жылдың маусым айынан тамызына дейін ұйымдастырылады. Осылайша, ағылшындар Ұлы даланың тарихымен танысады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар