Кентауда «Үлгілі отбасы - мәңгілік елдің тірегі» атты отбасылық байқау өтті

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласында «Үлгілі отбасы - мәңгілік елдің тірегі» атты отбасылық байқау өтті. Қалалық ішкі саясат және «Мәңгілік ел» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада бірнеше отбасы қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Ұлттық бірегейлікті сақтау» мақаласы аясында және отбасы институттарын нығайту мен беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға Жаңа Иқан, Шорнақ, Бабайқорған және Хантағы ауылдарынан жанұялар қатысты. Қатысушылар өз отбасын таныстырып, салт дәстүрлерді насихаттау бойынша көрініс көрсетті. Тұсаукесер, бесікке салу сынды дәстүрлерімізді жаңғыртып, салт-дәстүр, отбасы құндылықтарын насихаттауға тырысты.

Сондай–ақ, отбасылық өнер сайысына қатысып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушылар байқауға ерекше дайындықпен келіп, өнерлерін ортаға салды. Үлкеннен үлгі алып, артынан ерген өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген отбасылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болды.

Кей отбасылар балаларының жетістіктеріне тоқталса, енді бірі немерелерінің өнерін мақтан етті. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен Жорабековтер әулеті ең «Үлгілі отбасы» деп танылды.

Соңғы жаңалықтар