Кейбір оқушы мұғалімнен артық біледі - Бердібек Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Премьер – Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұғалімдердің білім сапасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұстаздардың жауапкершілігін арттыру қажет. Бұл жүкті Премьер – Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев директорларға артып, мектептердегі мұғалімдерге жеткізуді тапсырды.

«Мемлекеттік жасап жатқан көмегіне, қолдауына қайтарым болуы тиіс. Білім сапасын арттырамыз. Балалардың білімі заман талабына сай болуы керек. Халықаралық деңгейге жетіп, мектеп бітірген оқушы әлемнің мықты университеттерінде білім алуы тиіс. «Болашақ» бағдарламасымен де білім алып жатыр. Ұстаз оқу бағдарламасымен ғана шектелсе, одан тәрбие алған бала алысқа бармайды. Қазіргі балалардың деңгейі, өрісі басқа. Кешірім сұраймын, кейбір балалар мұғалімнен артық біледі. Бала телефоннан, үйіндегі интернеттен мол мәлімет алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ақтөбедегі педагогикалық қауыммен кездесуінде.

Облыс, қаладағы департамент, білім басшылары, мектеп директорлары білім саласындағы өзгерістерді дұрыс түсіндірмеген соң елімізде петиция да жазылып жатыр. Мұны Бердібек Сапарбаев баса айтты.

«Кейінгі кезде жаман әдет шықты. Бірден Президентке хат жазады, петиция, көшеге шығады. Ол болмайды. Мемлекетіміздің ең сауатты азаматы сіздер. Сіздерге бәрі байланысты. Жалпы қоғам алдында жауапкершілік, жанашырлық болуы тиіс», - деді Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Күнделік» арқылы бағалау жалғасатынын, тек интернеті жоқ ауылдар қағаз жүзінде іске асатынын түсіндірді. Ол тоқсан аяқталған сайын балалардан бақылау жұмысын алып, сол баға аясында бағалау жүйесін дұрыс деп санайды.

Соңғы жаңалықтар