Кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі отырысты ауқымды әрі маңызды мәселелерді талқыладық. Елімізді жүйелі реформалауға қажетті нақты шараларды айқындадық. Тиісті шешімдерді қабылдадық. Биыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін атап өтеміз. Сондай-ақ бұл- айрықша сын-қатерлер кезеңі. Біз кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміздің болашақтағы даму жолы осы сыннан сүрінбей өтуімізге байланысты екендігін баса айтты.

«Біз жоспарланған өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға күш-жігерімізді салуымыз керек. Барлық негізгі бағыттар мен салалар бойынша алға ілгерілеуіміз қажет. Бұл мақсатқа сындарлы және өзара сенімді диалогтың арқасында қол жеткізуге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар