ҚХА этносаралық қатынастар тақырыбында оқу құралын шығарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осының алдында өткен біздің сарапшылық кеңестің отырыстарында біздің талдау құрылымдарымыздан этносаралық тақырып бойынша оқу құралын даярлауды сұраған едік. Осы орайда «Қоғамдық келісім» РММ Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету орталығымен бірлесе 30 желтоқсанға дейін келесі жылы кітап басып шығаруды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді сұраймын», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Осы орайда ол бұл бағытта барлық ұйымдастырушылық мәселелер ескерілуі тиіс екендігін, оның ішінде жауапты құрылымдар, жұмыс топтары мүшелері, қаржыландыру көзі айқындалуы қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Ж. Түймебаев Мемлекет басшысы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру маңыздылығына тоқталды. Кеңес отырысы барысында этносаралық коммуникациялар тілі ретінде мемлекеттік тіл рөлін күшейту шаралары айтылды.

«Ғылыми-сарапшылық кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясына ғылыми-сараптамалық қолдау жасап келеді. Атап айтқанда, Президент Жолдауы басымдықтарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері 24 монографияны дайындап, басып шығарды. Мұнымен қоса, біздің ғалымдар мен сарапшылар ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысты. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, атқарылған ауқымды жұмыстар үшін кеңес мүшелеріне алғысымды айтқым келеді», - деді Жансейіт Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар