ҚХА: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚХА кеңесінің отырысы қарсаңында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары лауазымына Алматы облысы бойынша Ұйғыр мәдени орталығының төрағасы Зәкіржан Кузиев пен «Kazakh TV» арнасының бас директоры Майя Бекбаева тағайындалды. Барлығымыз екеуін де жақсы білеміз», - деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті бұған дейін орынбасары болған ҚХА мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов пен ҚХА мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатовқа жемісті жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар