+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

ҚХЛ: «Барыс» Минскінің «Динамосын» ойсырата жеңді

2019 жылғы 1 желтоқсан 19:43
Бөлісіңіз:
ҚХЛ: «Барыс» Минскінің «Динамосын» ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Беларусь хоккейшілері Құрлықтық хоккей лигасындағы турнир кестесінде ең соңғы орында тұр. Сондықтан олар әрбір ойында жеңіске жету жолын іздеп келеді. Десе де, бүгін «Динамо» ол мақсатына жете алған жоқ. Елордалық хоккейшілер сенімді ойын көрсетті.

Есепті алғаш болып «Барыс» командасы ашты. Ойынның 21-минутында аталмыш команда сапынан Корбан Найт мергендігімен көзге түсті. Арада небәрі 30 секунд өткенде «Барыс» хоккейшісі Роман Старченко есепті ұлғайта түсті. Бұдан кейін «Динамо» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 24-минутта Александр Когалев есеп айырмасын қысқартты.

Одан кейін екі команда да қарқынын біршама бәсеңдетті. Ал 36-минутта «Барыс» сапынан Атте Октамаа қарсыластар қақпасын дәл көздей білді. Осылайша, елордалық клуб жеңіске жетуге бір табан жақындай түсті.

Келесі шайба үшінші кезеңде соғылды. Оны 56-минутта Корбан Найт орындады. Ал ойынның аяқталуына 30 секунд қалғанда бос қақпаға Павел Акользин алыстан шайба соғып, қорытынды есепті белгіледі.

«Барыс» қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, елордалық клуб қатарынан үшінші кездесуде жеңісін атап өтуде.

Айта кетерлігі, соңғы жеті жеңісінде «Барыс» алғаш рет ойынның негізгі кезеңінде жеңіске жетіп отыр. Бұдан бұрын елордалық клуб овертаймда және буллитте қарсыластарынан басым түскен болатын. Соңғы рет – 11 қазанда Новосібірде жергілікті «Сибирь» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT