ҚХЛ: «Барыс» ресейлік ЦСКА клубына есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын тартысты өтті. Екі команда да шабуылға көп көңіл бөлді. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде айдын иелері ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 32-минутта Никита Михайлис ЦСКА қақпасынан саңылау тапты.

Үшінші кезеңде қос команда тарапынан да гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Алайда елордалық клуб оны тиімді пайдалана алған жоқ. Мәскеулік клуб сапынан Александр Попов 57-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Ойын овертмаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте ЦСКА командасының жолы болды.

«Барыс» биылғы маусымда бұған дейін бес ойын өткізді. Оның екеуінде жеңіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Екі команда бүгінге дейін 23 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басым түсе, қалғанында ресейлік клуб жеңген. Енді «Барыс» елордада 18 қыркүйекте Латвияның «Динамо» (Рига) клубтарымен ойнайды. Одан кейін Ресейде Череповец қаласының «Северсталь» командасымен кездеседі.


Фото: hcbarys.kz
Соңғы жаңалықтар