Киевте Германия елшілігі қайта ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Киев қаласындағы Германия елшілігі қайта ашылады. Бұл туралы Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Украина астанасына сапары кезінде айтты, деп хабарлайлы ҚазАқпарат euronews-қа сілтеме жасап.

Анналена Бербок – қақтығыс басталғаннан кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге келген Германияның ең жоғары лауазымды өкілі.

«Біз еуропалық және еркін Украинаны гуманитарлық, қаржылық, экономикалық, технологиялық, саяси және энергетикалық мәселелерде қолдауды жалғастырамыз. Тек бүгін ғана емес, ертең және болашақта. Сондықтан бүгін біз Киевте аздаған дипломаттардан құралған Германия Елшілігін қайта ашамыз»,- деді Германияның Сыртқы істер министрі.


Соңғы жаңалықтар