Қоғам қайраткерлері карантинді кезең-кезеңмен алып тастауға қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның қоғам қайраткерлері 17 тамыздан бастап елімізде карантин шараларының кезең-кезеңімен алынып тасталуына қолдау білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы ұстанымдарды өзім қолдап отырмын. Неге десеңіздер, ол еліміздегі әр азаматқа, әр адамның өміріне байланысты. Сондықтан бәріміз сабырлы болып, осы шарттарды толық ұстанайық», - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында.

Ал экономист-сарапшы Сапарбай Жұбаев еліміздің денсаулық сақтау жүйесі таяу күндері республика кәсіпорындарының жұмысына рұқсат берген кезде сол мүмкіндікті мүмкіндігінше пайдаланып, барлық нысанның үйлесімді қызметін қамтамасыз ету қажеттігін айтады.

«Себебі 2019 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім өндірісі 1-2 пайызға төмендеп отыр. Халқымыз экономикамен қатар өз денсаулықтарына да ерекше көңіл бөліп, мемлекеттік комиссия шешімдерін бұлжытпай орындау керек. Сол арқылы халқымыздың денсаулығын да, еліміздің экономикасын да жақсарта түсеміз», - деді Сапарбай Жұбаев.

Еске сала кетсек, 17 тамыздан бастап бірқатар нысан жұмысын қайта бастайды.
Соңғы жаңалықтар