Қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалындағы бәсекелестік тақырыбында Ореn Space өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалындағы бәсекелестік тақырыбында Ореn Space өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 мамырда сағат 11.00-де Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің алаңында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалындағы бәсекелестік тақырыбында Ореn Space өткізеді.

Қалалық көлік жүйесіндегі қоғамдық көліктің маңызы, жолаушылар тасымалы нарығындағы мемлекеттің қатысу үлесі және оның жеке тұлғалар үшін салдары, әлеуметтік маңызы бар маршруттар үшін субсидиялардың қолжетімділігі, автобус парктерін жаңартуды лизингтік қаржыландыру, тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар, агрегаторлар - Яндекс, Юбер такси және цифрлық реттеу секілді қоғамдық көлік нарығының осы және басқа да өзекті мәселелері 6 мамырда өтетін Open Space-те талқыланады.

Іс-шараның спикерлері: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов, Қазақстан автокөлік қызметкерлері одағының басшысы Сәбит Аманбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай.

Опен спейс алаңындағы талқылаулар тікелей эфирде өтеді, барлық сұрақтарды ҚазАқпарат Youtube арнасында пікір ретінде жазып қалдыруға болады.


Соңғы жаңалықтар