Қоғамдық тұтастықтың жаңа деңгейін көрсетті – Ерлан Қарин референдум туралы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдің болашақ дамуына қатысты билік пен қоғамның түсінігі біртұтас. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram-каналында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты өткен республикалық референдумға түсінік бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен, конституциялық түзетулер бойынша референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы жариялаған алдын-ала мәліметтер бойынша азаматтардың референдумға қатысуы 68,06%-ды құрады.

Осылайша қазақстандықтардың 77,18%-ы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдап отыр. Конституциялық реформаға қатысу көрсеткішінің жоғары нәтижесі қоғамдық тұтастықтың жаңа деңгейін көрсетіп отыр.

Референдум нәтижесі билік пен қоғамның елдің одан әрі даму перспективаларына қатысты түсініктің біртұтастығын көрсетеді. Бұл президенттік реформаларды жүзеге асыруда қоғамдық қолдаудың нақты көрінісін білдіреді», - деп жазды Ерлан Қарин.


Соңғы жаңалықтар