«Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Көкшетау-Атбасар» тас жолында бірнеше көлік соқтығысты. Жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:59-да болды. Бұл туралы сағат 14:10 Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне хабар түсті.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Ваз2110», «ГАЗель» және «Фольксваген Гольф» көліктерінің соғылғанын анықтады. Соқыдан «ГАЗель» көлігінің газбаллон құрылғысы жарылды. Жол-көлік оқиғасынан «Фольксваген Гольф» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, «ГАЗель» көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 6-ы күні түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласында үш көлік соқтығысып, 42 жастағы әйел көз жұмған болатын.


Соңғы жаңалықтар