Көкшетауда 79 жастағы қария өрттен құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 79 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт М. Янко 35 мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер келгенше үйде болған 79 жастағы әрі екінші топтағы мүгедек қарияны көршісі сыртқа алып шыққан. Абырой болғанда көршісінің өзі өрт сөндіруші болып қызмет істейді.

«Мен көрші аумақта жанып жатқан үйді көрдім. Бірден 101-ге қоңырау шалып көмек шақырып, өзім үйдің терезесінен ішіне ендім. Кәугерлер үйде адам барын және қай бөлмеде екенін айтты. Нәтижесінде қарияны жатын бөлмеден далаға алып шығып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдым», - дейді Көкшетау қалалық №11 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жанат Мусин.

Ведомстводан атап өткендей, өрт 86 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 16 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде, өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.


Соңғы жаңалықтар