+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Көкшетауда «Ақан сері» романының аудиокітабы жарыққа шықты

2019 жылғы 23 қараша 01:56
Бөлісіңіз:
Көкшетауда «Ақан сері» романының аудиокітабы жарыққа шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романының желісі бойынша жазылған аудиокітап таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Үш арыс» кітабының тұсаукесері болды Жазушылар одағының тарихында жүздеген томға жүк болатын тағдырлар шежіресі жатыр - Қырымбек Көшербаев Ұлықбек Есдәулет: Жазушылар одағы – әдебиеттің жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы

Жобаны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және «El Jastar» театры жүзеге асырды.

Бұл бастаманың мақсаты — қазақстандықтардың жаңа буынын патриоттыққа тәрбиелеу, отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшылығы, БАҚ, мәдениет, қоғам өкілдері және қаланың студент жастары қатысты.

«Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы жаңа тәсілдерді қолдану, шығармашылық және тиімді жобаларды жасау кезеңі қарқындап келеді. Осыған байланысты біз әрқашан бастамашыл жастарды қолдаймыз», - деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова.


Аудиокітапты жазуға шамамен 4 апта уақыт кетті. Аудиокітап «жанды дауыспен» оқу арқылы «Zhakondra Films» студиясында «El Jastar» театрының актерлері жазды.

«Аудиокітапта романның қызықты үзінділері топтастырылған. Біздің басты мақсатымыз - жастарды осы жұмысқа қызықтыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болып келеді» - дейді Өңірлік жобалық кеңсенің басшысы Қайрат Сейтқазин.

Қазіргі уақытта Е.Мырзахметовтың «Медет» кітабының желісі бойынша жазба жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ақмола облысы ақын-жазушыларының шығармалары негізінде тағы да 9 аудиокітап шығару жоспарлануда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT