Көкшетауда әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қабылдау орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған 6 адамның улану белгісімен қалалық аурханаға түскені, кейін оның үшеуі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі мәліметтерге қарағанда көз жұмған адамдардың жасы 32-41 аралығында. Осындай оқиғаның болғанын ҚазАқпарат тілшісіне Полиция департаментінің қызметкерлері растап, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 304 бабының 3 бөлігі (санитарлық және гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп айтты ПД баспасөз қызметіндегілер ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.


Соңғы жаңалықтар