+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Көкшетауда BMW мен Skoda соғылып, бір адам қаза тапты

2021 жылғы 21 қыркүйек 01:50
Бөлісіңіз:
Көкшетауда BMW мен Skoda соғылып, бір адам қаза тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті Қостанайда тасжолдағы апат: көліктегі баланы арнайы құралмен шығаруға тура келді Мұғалім оқушылардың маңдайына «дәптер» деп жазған: Министр пікір білдірді

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында болған. Ш.Уәлиханов көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан BMW-520 көлігі Сәдуақасов көшесінде бағдаршамның тыйым салатын сары түсіне өтіп кетіп, қарсы бағытта сол жаққа бұрылмақшы болған «Skoda Felicia» көлігіне соғылған. Ол аударылып қалған.

«Жол апаты салдарынан «Skoda Felicia» көлігіндегі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде, кінәлі жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT