Көкшетауда фастфуд дәмханасы карантин талабын үш күн қатарынан бұзған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мобильді топтар қаланың кәсіпкерлік субъектілері тарапынан карантиндік шектеу шараларының бұзылуына жол берілмеуін бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соған қарамастан қала мекемелерінде шектеу талаптарын сақтамау, жұмыс режимін бұзу, жаппай іс-шаралар өткізу, адам санының шамадан асып кетуіне жол беру байқалады,

Ақмола облыстық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Көкшетауда үш күн қатарынан жұмыс режимін бұзған (22 сағаттан кейін жұмыс істеді) жеке кәсіпкерлік субъектісі анықталды. Бұлар «Донер Кинг» фастфуд дәмханасы, «Панахов Д. Ж.» жеке кәсіпкерлігі. Мекеме иесі жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, тағы үш рет карантин режимін бұзып отыр.

Сонымен бірге, мониторингілік топ «Досымова А.Б.» жеке кәсіпкерлігі «Broadway street» дәмханасының жұмыс режимін бұзып, адам саны шамадан асып кеткендігін, кальян жұмыс істегенін анықтады.

Айта кету керек, Ақмола облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Карантиндік режимнің сақталуын қадағалайтын мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

«Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды қатаң сақтауы, қайта заң бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, қала тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға бармауға және қоғамдық орындарда да, үйде де іс-шаралар ұйымдастырмауға кеңес береміз», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар