Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлады. Балконның бетон плитасы мен кірпіштері үйдің алдында тұрған көліктің үстіне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлі метінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде орын алды.

«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кірпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, балконның құлағаны туралы әлеуметтік желіде фото және бейнежазба тарады. Онда балконның бетон плитасы мен кірпіш сынықтары үйдің алдында тұрған көліктің үстіне құлағанын көруге болады.


Соңғы жаңалықтар