Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ashyq» қосымшасының арқасында Көкшетауда үй карантині талабын бұзған 661 адам анықталды. Оның 478-і «қызыл», 138-і «сары» мәртебесі бар.

Бұл туралы брифингте Көкшетаудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласында «Ashyq» жобасына 800-ден астам кәсіпкерлік нысаны қатысады. Жобаның тиімділігі коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды және үй карантині режимін бұзған байланыста болған адамдарды анықтаумен расталады.

«Бүгінгі таңда «Ashyq» қосымшасының көмегімен Көкшетауда 661 тәртіп бұзушыны анықтау мүмкін болды, оның ішінде 478 адам «қызыл», 138 адам «сары» мәртебесі бар. 235 адам жалпы сомасы 8 млн 255 мың 360 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды», - деп түсіндірді Қ.Ысқақов.

Карантин режимін бұзған 159 адам Қазақстанның өзге өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олар бойынша шаралар қабылдау үшін ақпарат тұрғылықты жеріне жіберілді.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, мониторингтік топтар Көкшетауда карантин талаптарының бұзылуын анықтауды жалғастыруда.

«1 қазаннан бастап әртүрлі меншік нысанындағы 86 нысан тексеріліп, 10 нысанның қарантин режимін бұзғаны анықталды. Маска режимін бұзғаны үшін төрт нысанның жауапты тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды. Жұмыс режимін бұзған екі жеке кәсіпкер жазаланды. 50-ден астам адамның қатысуымен бұқаралық іс-шаралар өткізген төрт жеке кәсіпкер жауапқа тартылды», - деп атап өтті облыс орталығының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Қ.Ысқақов.


Соңғы жаңалықтар