+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Көкшетауда Сәрсенбай Хасеновтың «Ән және поэзия» атты шығармашылық кеші өтті

2019 жылғы 2 желтоқсан 21:23
Бөлісіңіз:
Көкшетауда Сәрсенбай Хасеновтың «Ән және поэзия» атты шығармашылық кеші өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақмола облыстық филармониясында Сәрсенбай Хасеновтың «Ән және поэзия» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық суретші өнердің жаңа бағытын ойлап тапты СҚО-да 18 ақын үздік атану үшін айтысуда Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтіп жатыр

Кешке Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі Ғазиза Жұмекенова, республикалық байқаулардың лауреаты, жас әнші Шыңғыс Сәрсенбай, мәдениет қайраткерлері Мереке Бекмағамбетов және Гүлжан Ахметова қатысты. Концерт төрт бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде Көкшетау мен Бурабай өңірі әңге қосылса, екінші бөлімі Абайдың 175 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналды. Ал, үшінші бөлімде лирикалық әндер шырқалды.

Ән мен жырдың мекені атанған Көкше топырағы әлмисақтан сал-сері, ақын-жазушыларға кенде емес еді. Кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды қазақ өнерінің алыптары осы жерден шабыт алып, әніне қосқан киелі өлке. Сол асылдардың сынығы, қара домбырасын жанына серік етіп, дәстүрлі өнерді халқына сыйлап жүрген дарындардың бірі - Сәрсенбай Хасенов. Ол өзінің қоңыр даусымен, қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнімен сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан халық әндерін орындаумен танымал.

Әншінің айтуынша, ол үнемі шығармашылық ізденісте жүреді. Оның орындауындағы қазіргі заманғы композиторлардың жаңа әндері соның айғағы іспеттес.

Кешке жиналған көрермендер әуелеген әнмен әсем көңіл-көңіл күй сыйлаған сүйікті әншілеріне алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT