+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Көкшетауда сауда үйіндегі «бомбаға» байланысты 100-ге жуық адам эвакуацияланды

2021 жылғы 7 сәуір 22:34
Бөлісіңіз:
Көкшетауда сауда үйіндегі «бомбаға» байланысты 100-ге жуық адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда белгісіз біреу «Арбат» сауда үйіне «бомба» қойылғандығын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында қызымен суретке түспек болған ер адам суға құлап кетті Ақмола облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты Көкшетаудың іргесінде Ботай мәдениеті қонысына қазба жұмыстары жүргізіледі

Осыған байланысты сауда үйінде болған 100-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кешкі сағат 20:33-те Ақмола облыстық Полиция департаментінің кезекшілік бөліміне жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінен ақпарат түсті. Онда ТЖД-не белгісіз біреу «Арбат» сауда үйіне «бомба» қойылғандығын телефон арқылы хабарлап айтқан.

«Айтылған жерге жедел- тергеу тобы, көліктегі және жаяу полиция қызметкерлері жетті. Барлығы 100-де жуық адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері мен жарылғыш затпен жұмыс істейтін мамандар «бомбаны» іздестіруде. Сонымен бірге, жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шарасы қолға алынды» , - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT