Көкшетауда «Street workout»-тен жазғы маусым басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының орталық саябағындағы воркаут алаңында өткен жарысқа облыс аудандары және Петропавл қаласынан келген жас атлеттер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара 15 жасқа дейінгі «Freestyle», жігіттер мен қыздар арасындағы «Freestyle» және «Қос сайыс» тәрізді 4 аталым бойынша өтті.

«Street Workout» елімізде жастар арасында танымал және қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.

«Мұндай турнирлер жастардың дені сау және әдемі денені қалыптастыру, спортпен шұғылдануға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Жазғы маусымның ашылуымен әрбір адам жеке жаттығуларға жазыла алады, сондай – ақ, «Street Workout Aqmola» қатысушысы бола алады», - деп атап өтті жастармен үйлестіру және жұмыс бөлімінің басшысы Мақпал Жанарысова.


Соңғы жаңалықтар