Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды
Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңызына тоқтала келе, елімізді мекендеген барлық этностардың тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғанына тоқталды.
«Бұл бағдарлама Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді көздейді, – деді Ермек Маржықпаев
Шарада өңірдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.