Көкшетауда «Ұлы даланың ұлы есімдері» байқауының қорытындысы шығарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Ұлы даланың ұлы есімдері» облыстық байқауының 2-кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатында өткен байқаудың мақсаты – білім саласында педагогтардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін арттыру.

Байқау «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері», «Өлкетану - ұлттық жаңғыру», «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары жалпыұлттық құндылықтар идеясын тәрбие жұмыстарына енгізу (Ашық аспан астындағы мұражай)», «Көкше өңірінің Ұлы есімдері» бағыттары бойынша өтті.

«Байқау қатысушы педагогтар өздерінің ғылыми – танымдық жобаларын таныстырды. Оның ішінде Бурабай, Шортанды, Есіл, Ақкөл сияқты бірқатар аудандар жақсы нәтиже көрсетті»,- Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Үздіктері Ақмола облысының білім басқармасының диплом және ақшалай сертификатымен марапатталды. Барлық қатысушы облыстық оқу-әдістемелік кабинетің сертификатына ие болды.

Соңғы жаңалықтар