Көкшетауда вакцина алған зауыт қызметкерлеріне ақшалай сыйақы берілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда вакцина алған нан зауытының қызметкерлеріне 2 мың теңгеден берілуде. Бұл туралы «Ақсай нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәуле Соболевская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінгі таңда нан зауытында жұмысшыларды жаппай вакцинациялау бойынша нәтижелі жұмыстар жүрзілуде. Оларды ынталандыру үшін ақшалай сыйақы да қарастырылған.

«Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Біздің кәсіпорын ұжымы да осыған ерекше мән беріп отыр. Басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшыларымызды барынша ынталандырып жатырмыз. Маусымның 25-28 аралығындағы Краснояр кентіндегі емхананың мамандары кәсіпорынға келіп, жұмысшыларымызға жаппай екпе салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нан зауытында барлығы 172 адам жұмыс істейді. Олардың 19-ы вакцина алып үлгерді. Бірер күнде тағы 55 адам вакцина алады. Вакцина алғандарға кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы арқылы 2 мың теңгеден ақшалай сыйақы береміз», - дейді Сәуле Соболевская.

Сонымен бірге, ол алдағы шілде айының 1-нен бастап, жұмысшалардың вакцина алғандығы туралы төлқұжаты болуы немесе ПТР тестен өткендігін білдіретін анықтама арқылы ғана жұмысқа жіберілетінін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар