Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ойын-сауық орнының маңында жаппай төбелес ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» нөміріне Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орнының маңында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы мен тергеу-жедел тобы жіберілді.

«Полицейлер анықтағандай, 19-23 жастағы жастар ойын-сауық мекемесінде отырған. Кейін қаскүнемдердің бірі мас болып, басқа жастар отырған үстелге барып, ұрыс шығарған», - деп түсіндірді ведомстводан.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде төбелеске қатысқандар оқиға орнында ұсталды. Барлығы 4 адам, соның ішінде бас күдікті - бұрын бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылған 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны да ұсталды.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Авторы: Оксана Матасова


Соңғы жаңалықтар