Көкшетауда жарты млн теңгеге жуық ақша ұрлаған зейнеткер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында біреудің банк карточкасы мен жарты миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлаған 61 жастағы қария ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ұрлық қазанның 4-де орталық базардағы сауда үйлерінің бірінде болған. Арызданушы 37 жастағы әйелдің сөзінше, белгісіз біреу оның банк карточкасы мен 400 мың теңгеден астам ақша салынған әмиянын ұрлаған.

«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы сауда үйінің іші-сыртында орнатылған бейнебақылау камерасын, Жедел басқару орталығындағы камера жазбаларын тексерді», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу амалдары нәтижесінде Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінен келген 61 жастағы қарт әйел анықталып, одан заттай айғақтар тәркіленді.

Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындарға өз мүлкін қорғауда сақ болуға шақырады. Ұрлық болған кезде бірден полицияға хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар