Көкшетауда жылу мәселесін шешу үшін қосымша қазандықтар қойылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы қыста Ақмола облысында жылумен қамту мәселесіне қатысты шағымдардың саны рекордтық деңгейге жетті.

Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр және келесі жылыту маусымына дайындық туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев есеп беру кездесуінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау қаласы жылдан жылға үлкейіп келеді, ал жылу көздері сол күйінде қалып отыр. Бұл 70 Гкал үш қазандық РК-1, 100 Гкал үш қазандық РК-2. Жалпы, қала бойынша 510 Гкал. Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін, биылғы жылдың тамыз айында біз газ-мазут қазандығын пайдалануға береміз. Бұл 100 Гкал, яғни жылу мөлшерін бестен бір есеге арттырамыз. Сонымен қатар, осыған ұқсас тағы бір қазандық сатып алынады. Жалпы, біз жылу қауатын 700 Гкал-ға жеткіземіз. Бұл біздің қаламыздың жылуын тұрақтандырады», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев тұрғындардың сауалына.

Сондай-ақ, үш көмір қазандығын жаңғыртумен бірге, қуаты 120 Гкал төртінші қазандықтың құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жалпы алғанда, қуаты 408 Гкал болатын көмір қазандығы төртеу болады.

«Тұрғындарға айтарым, қалада пәтер иелері кооператвитерінің жұмысы бойынша мәселелер бар. Кейбір тұрғын үйлердің кіреберістерінің есіктері жоқ, терезелері сынған, жертөлелер ашық, үйішілік жылу желілері өз қалауы бойынша өзгертілген. Мұның барлығы, әрине, жылу беру сапасына кері әсер ететіні сөзсіз. Биылғы жазда осы мәселені бірлесіп қолға алып, бір тәртіпке келтіреміз және жаңа жылыту маусымын ойдағыдай бастаймыз», - деп толықтырды аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар