Көкшетаудағы элеватор кешенінің ұны шетелге экспортталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы іргелі шаруашылық «Агример-Астық» ЖШС өнімдеріне сұраныс артып келеді. Компания өндірісті дамытуда ғана емес, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде де белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агример-Астық» ЖШС-нің басшысы Николай Казактың айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорын астықты сақтаумен, қайта өңдеумен айналысады. Сонымен қатар май бұршақ, бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімдерін қабылдайды және қайта өңдейді. Серіктестікте тәуліктік өндірістік қуаттылығы 200 тоннаны құрайтын итальян жабдығы орнатылған. Бұл құрылғы қатты бидайдан макарон өнімдерін алуға мүмкіндік береді. Дайын өнімді алыс және жақын шет мемлекеттерге өткізу жоспарлануда. Кәсіпорын меншігінде «Агример-Астық» Көкшетау индустриалды кешені базасында 1 000 контейнерге арналған контейнер алаңы бар. Сонымен қатар, кәсіпорын аумағында 1 диірмен, симолина ұнын (италияндық макаронға арналған) шығаратын 1 комбинат, майлы соя шығаратын 1 зауыт, соя майы мен күнжіт шығаратын зауыт, рапс майы мен күнжіт шығаратын және бидай мен майлы дақылдарды тазалайтын 1кешен жұмыс істейді.

«Агример-Астық» ЖШС-ның мақсары (рапс) майын өндіретін зауыты толық қуатында жұмыс істеуде. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 100 тонна май шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта чех компаниясының «Формет» қондырысы орнатылған.

«Біздің май тағам өнеркәсібі сияқты экономиканың бірқатар салада пайдаланылады. Бұл шикізатты терең өңдеуге және жүз пайыз экспортқа бағытталған», - дейді кәсіпорын Николай Казак.

Қайта өңделген өнімге Германия, Скандинавия елдері және Қытайда сұраныс жоғары. Май теміржол көлігі арқылы алыс шетелдердегі серіктестерімізге жеткізіледі. Ол үшін кәсіпорында 40 цистерна және 400 астық тасымалдағыш бар.

«Агример-Астық» ЖШС Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграрилерімен тығыз жұмыс істейді. Олар мұнда ірі көлемде мақсары тұқымы жеткізіледі. Кәсіпорын басшысы атап өткендей, жеткізіліп жатқан шикізат көлемі май өндірісіне жеткілікті. Кәсіпорын іске қосылған сәтте, жергілікті 25 адам жұмыспен қамтылды. Қазір жұмысшылардың саны арта түсуде.

Өткен жылы Тұңғыш Президент күні қарсаңында аталмыш «Агример-Астық» ЖШС жаңа өндіріс желісін іске қосты. Макорон әдеттегі ұннан емес, қатты бидай сұрыптарынан өндірілетін ұнтақтан жасалатыны белгілі. Осы ретте, симолина ұнын (италияндық макаронға арналған) шығаратын комбинат әлем халқы сүйсініп жейтін италияндық макаронға (спагетти) қажетті шикізатты Көкшетауда өндіруді жолға қойып отыр. Жоба құны 2,5 миллиард теңгені құрады. Кәсіпорын инновациялық құрылғылармен жабдықталған. Бұл өңір диқандары үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Кәсіпорын шикізат ретінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсірілген қатты бидайдың жоғары сұрыптарын қолданады. Комбинат толықтай италяндық қондырғылармен жабдықталған. Өндірілген өнімді Ресей арқылы, спагеттидің отанына жөнелту жоспарланған.

«Өндірілген өнім 100 пайыз экспортқа бағытталады. Қазақстандық қатты бидайдың сапасы біздің өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған кешенде небәрі 20 маман тәулігіне 200 тонна өнім өндіреді. Нарықтағы сұраныс тиісті деңгейін сақталса, кәсіпорын жылына 46 мың тонна өнім ұсынуға қауқары. Енді макорон өнімдерін өндіруді жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпоры басшысы.

Кәсіпорынның жанынан «Агример-Астық» спорт кешені жұмыс істеуде. 2016 жылы ашылған замануи спорт кешені элеватор аумағында орналасқан. Кешенде клиенттерге бизнес-форматтағы қызметтер ұсынылады. Келушілердің фитнеспен шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Нысанда топтық бағдарлама, жаттығу, жекпежек, үстел теннисі, спорт залдары бар. Сондай-ақ, массаж кабинеті мен кофе бар орналасқан. Мұнда бір мезгілде елу адам шыныға алады.

«Қазіргі заманғы жабдықтар мен кәсіби жаттықтырушылар спорт кешеніне келушілерге жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Біз мұндай нысанды әлеуметтік әріптестік шеңберінде көкшетаулықтардың бос уақыттарын спортпен шұғылданып, қызықты өткізу мақсатында ашып отырмыз. Бұл біздің ортақ мақсатымыз», - деп толықтырды Николай Казак.

Кәсіпорын басшысы атап өткендей, қазіргі кезде ксіпорында күзгі егін орағына дайындық жұмыстары қызу қолға алынған.


Соңғы жаңалықтар