Көкшетаулық кәсіпорын 700-ге жуық өкпе желдеткішін әзірлеуге дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көкшетаулық кәсіпорын 700-ге жуық өкпені жасанды желдету аппаратын әзірлеуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

«Көкшетау қаласында біздің министрлікке қарасты «ТЫНЫС» АҚ кәсіпорны бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, бұл кәсіпорын 700-ге жуық өкпені жасанды желдету аппаратын жасауға ниетті. Қажет болса, осы жұмысты күшейтуге дайынбыз», - деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін ведомство өкілі Қазақстанда күн сайын 1 млн маска, 85 мың литр дезинфекциялық құрал шығарылатынын хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар