Көксу ауданына блокпост қойылды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданына блокпост қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматы облысының Көксу ауданында сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелді (наурызда – 85). Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% - ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% -ды құрады. Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блокпост орнатылған», - делінген Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блокпосттар жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таратпау мақсатында атқарылуда.


Соңғы жаңалықтар