Көктөбеде кішкентай қолтырауын жетектеген бойжеткен көзге түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Көктөбеде қолтырауының баласымен серуендеп жүрген бойжеткенің видеосы тарады. Бауырмен жорғалаушының тұмсығын скотчпен орап тастапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, аллигатор Көктөбеге суретке түсу үшін келгендерге тиесілі болып шықты.

«Бұл қолтырауын Көктөбеде фотосессия өткізіп жатқан қонақтардыкі. Оның тұмсығының не себепті скотчпен оралғанын біз айта алмаймыз. Мүмкін бұл жалпы қауіпсіздік үшін шығар. Біз барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаймыз» - дейді «Көктөбе паркі» ЖШС өкілі Ғалия Халилаева.

Көктөбеде қолтырауынмен серуендеп жүрген бойжеткенді куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Аллигатор кайман тұқымына жатады. Оны Алматы хайуанаттар бағынан да көруге болады.

«Біздің Алматы зообағында кайман қолтырауындары бар. Каймандар аллигаторлар тұқымдасына жатады. Олар әртүрлі. Олардың кейбіреуі қауіпті. Ұсақ аллигаторлардың ұзындығы - бір жарым-екі метрге жетеді және салмағы - орта есеппен 6 келіден 40 келіге дейін», - дейді Алматы зообағының қызметкері Михаил Сорокоумов.

Видео: Еуразия бірінші арнасы
Соңғы жаңалықтар