Көктөбедегі өртте көз жұмған адам кім екендігі анықталып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Көктөбедегі өрт кезінде көз жүмған адамға қатысты туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір полиция адам өліміне қатысты тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында қаза болған адамның кім екенін анықтап жатыр.

Осы мақсатта сот медициналық сараптама, басқа да зерттеулер тағайындалды.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде адамның неден өлгені анықталады», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Көктөбе тауындағы құрғақ шөп кеше өртенген болатын. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін тікұшақтар іске қосылды. Тілсіз жау 10 гектар аумақты шарпыды.

Кейін оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.


Соңғы жаңалықтар