Қоқысты терезеден лақтырып, лифтте қалдыратын астаналыққа айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қоқысты пәтер терезесінен лақтырып, лифтке тастап кететін 60 жастағы тұрғынға 14 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың Алматы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторына Қошқарбаев көшесіндегі үй тұрғындарынан көршілері лифтке қоқыс пакетін тастап кеткені туралы аудиохабарлама түскен. Бақылау камерасындағы жазбаларды тексерген полиция өкілі түнгі сағат 2.00-де әйелдің екі пакетпен лифтке кіріп, шығарда қоқыс пакетін қалдырып кеткенін анықтайды.

«Бұл аталған азаматшаға қатысты түсіп отырған алғашқы шағым емес. Көршілері оның қоқысты көбінесе терезеден тастайтынын айтып отыр. Учаскелік инспектор Жүсіп Абдраманов сол күні үшінші подъезде тұратын 60 жастағы тұрғынды анықтады. Белгіленбеген орынға қоқыс тастағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар