+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр

2020 жылғы 30 маусым 10:43
Бөлісіңіз:
Көлеңкелі экономика деңгейі 20% төмен болуы тиіс – Премьер-Министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин көлеңкелі экономиканы төмендету жөнінде министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалпы ішкі өнімге шаққандағы көлеңкелі экономика 23% төмендеді

«Құрметті әріптестер! Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету мен бюджет кірісін толықтыру резервтерінің бірі – көлеңкелі экономика үлесін қысқарту болып отыр. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралар оң нәтиже беруде. 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика үлесін ЖІӨ 20 пайызынан төмен деңгейге жеткізу жоспарланған», - деп атап өтті Премьер-Министр Үкіметтің кезекті отырысында.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесінде жалпы ішкі өніммен салыстырғандағы көлеңкелі экономика үлесі 2017 жылғы 27 пайыздан 2019 жылы 23,6 пайызға дейін қысқартылды. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша 1,5 трлн теңге артуын қамтамасыз етті.

«Халықаралық валюта қорының дерегінше, әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа деңгейі – 27,8 пайыз. 44 елде көлеңкелі экономиканың деңгейі 20 пайыздан төмен, біз де осындай көрсеткішке ұмтылуымыз керек. Бақылаудан тыс қызметті заңдастыруға ынталандыру арқылы заңнамалық базаны жетілдіру, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту жұмыстары үнемі жүгізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы бизнес үшін толық заңдастырудың тиімді болуына, қолма-қол ақшасыз айналым үлесін арттыруға бағытталған», - деді Премьер.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы көлеңкелі үлесті одан әрі төмендету үшін салалық сипаттағы қосымша шаралар қажет екенін айтып, бірқатар ведомствоға тапсырма берді.

«Бірінші, Қаржы министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорт-импорттық операцияларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл жұмысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да атсалыссын. Екінші, Қаржы министрлігі қызметтерді цифрландыруды, ақпараттық жүйелердің интеграциясын, Қазақстан аумағында тауарлардың бақылануын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы қажет», - деді А. Мамин.

Сондай-ақ Премьер-Министр төлемдер мен төлем жүйелері туралы қолданыстағы заңнамаға электронды ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарауды тапсырды.

«Үшінші, бизнестің көлеңкеден шығуын экономикалық ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, артық талаптарды қысқартуға, қаржыландырудың қолжетімдігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және нақты салық салуды белгілеуге қатысты. Бизнесті ашық жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімді болуы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, 2019 жылы жалпы ішкі өнімге шаққандағы көлеңкелі экономика 23,62%-ке төмендеді .

Бұған дейін ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін енгізілген шараларды баяндаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT