Көлік комитеті елордалық автобустардағы SMS-төлемнің алынуына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалындағы бәсекелестік туралы Open Space барысында спикерлер елордалық автобустардағы SMS-төлемді алып тастау мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 мамырда «CTS» ЖШС елордалық қоғамдық көліктегі SMS-төлемді тоқтатуға құқылы болды ма? Заңнама жолаушыларға SMS арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Монополистердің әрекеті қаншалықты заңды?» - деп сұрақ қойды модератор.

Сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай заң бойынша ешқандай шектеу жоқ деп жауап берді.

«SMS арқылы ғана емес, QR-код және басқа әдістермен төлеуге болады. Мұны қосымша зерттеп, талқылау қажет, өйткені бұл да жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде», - деді Әли Алтай.

Өз кезегінде, Қазақстан Автокөлікшілер одағының басшысы Сәбит Аманбаев SMS-төлем мүмкіндігінен айырудың дұрыс емес екенін айтты.

«Біздің халық жанасусыз төлем жасау мүмкіндігін жоғалтып жатыр, төлемнің бұл түрін тоқтатуға еш негіз жоқ еді, керісінше адамдар телефон, банк картасымен төлей алатындай етіп дамыту керек», - дейді Сәбит Аманбаев.

Көлік комитетінің өкілі Әли Алтайдың айтуынша, субсидиялау мәселесі көтерілуде, бірақ жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушыларға электронды билеттеуді енгізу талабын қойып отыр.

«Жеке кәсіпкерлер тарапынан наразылықтар байқалуда. Олар талапты орындамайды. Шартты түрде олардың 100 автобусы болса, тек 10-ына ғана орнатылады. Көлеңкелі тұстар әрине бар. Алматыда жүргізген талдау көрсеткендей, 2015 жылдан бастап 400 млн жиналса, қазір 2 млрд 400 жиналады. Электронды билеттеудің арқасында барлығы ашық жүріп жатыр», - дейді Әли Алтай.


Соңғы жаңалықтар