Көлік комитеті «Semey Bus» ЖШС мәселесі туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай «Semey Bus» ЖШС субсидия төленбеуі туралы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Semey Bus» ЖШС квазимемлекеттік кәсіпорын болып саналады, оған 2019 жылдан бері субсидия төленбеген. Семейдегі автобус тасымалы жағдайына назар аударуыңызды сұраймын. Әкімдік субсидия төлемейді, кәсіпорынды банкротқа ұшыратуы мүмкін», - деп модератор көрермен сұрағын оқыды.

Көлік комитеті төрағасының орынбасары Әли Алтай бұл мәселеден хабардар екенін жеткізді.

«Екі жыл бойы олар Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы автобустар сатып алды. Қазір олар бір де бір теңгені өтемеді. Өнеркәсіпті дамыту қоры өз тарапынан процедуралық түрде сотқа жүгінуге және бұрын жасасқан шарттарды тоқтата тұруға міндетті. Әкімдік тарапынан осы жылға субсидиялар қарастырылған, бірақ кәсіпкердің әкімдікке енгізген өтінімдері өте үлкен болды. Әкімдікпен еш уағдаластық жоқ. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз», - деді Әли Алтай «Kazinform» алаңында «Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдаудағы бәсекелестік» атты жиында.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жолаушы тасымалдайтын компания - «Semey Bus» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 72 заңбұзушылық анықталғаны хабарланған еді. «Semey Bus» ЖШС-нің жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрайды.


Теріске шығару

«Semey Вus» ЖШС мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арасында шарттық міндеттемелерді орындау туралы мәліметтің толықсыздығы себебімен көрсетілген көлік кәсіпорынмен байланысты ағымдағы ахуал туралы жауапты тұжырымдаудың дәл еместігі орын алды. Осыған байланысты «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабына сәйкес менің «ОPEN SPACE - Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалындағы бәсекелестік» онлайн брифингінде айтылған ақпаратты теріске шығарамын. Бізге бұл жағдай белгілі. Осы жағдай азаматтық заңнамаға сәйкес реттелуі тиіс деп санаймыз. Жалпы алғанда тұрақты қалалық автобус тасымалы жергілікті атқарушы органдарымен ұйымдастырылады. Сол себепті Семей қаласының әкімдігі жергілікті халықты қауіпсіз және сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс. Осы мәселе бақылауда» - деп түсіндірді Әлі Алтай.

____________________________________

16.07.2021
Соңғы жаңалықтар