Көлік прокуратурасы 200 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жетісу көлік прокуратурасы аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанданың жолын кесіп, 198 млн теңгенің тауарын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«D» ЖШС декларацияға жалған мәліметтерді көрсету арқылы Қытайдан Қазақстан аумағына 198,8 млн теңгеге, салмағы 156 тонна көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін алып кірмекші болғаны анықталды.

«Аталған факті көлік прокуратурасында тіркеліп, құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Онда Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді», - делінген ведомство хабарламасында.

21 қаңтар күні Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты азамат С.-ға қатысты істі келісімдік іс жүргізуде қарап, оны кінәлі деп таныды. Оған 1 500 АЕК, яғни 3,7 млн теңге көлемінде қылмыстық айыппұл салынды.

Жалпы сомасы 198,8 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді.



Соңғы жаңалықтар