Көліктегі байланған ер адам – астана полициясы видеоға түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көліктің жүк салғышына қол-аяғы байланған ер адамды салып, көше аралаған пранкерлер жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі байланған ер адам – астана полициясы видеоға түсінік берді

«21 сәуір күні сағат 19:28 кезінде «102» пультіне Сейфуллин-Уәлиханов көшелері қиылысында, яғни «Аймақтау» сауда үйінің маңындағы автокөліктің жүк салғышында қол-аяғы байланған жас жігіт жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бұл жерге жедел түрде полиция жасағы жіберілді. Сол аумақты шолу кезінде оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталды. Олар 19-22 жастағы жастар екені анықталды», - делінген қалалық Полиция департаменті мәліметінде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қоғамдық тәртіпті бұзғандар әлеуметтік эксперимент жүргізгені белгілі болды.

«Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оларды ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, материалдарды әкімшілік сотқа жолдады.

Еске салсақ, жақында Алматыда «қыз алып қашып», пранк жасағандар жазаланған болатын. 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар