Көлікті нөмірсіз басқарғандарға жауапкершілік күшейтіледі - Сенат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған бұл құжат ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру, байланыс қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы аясында телефон, ұялы байланыс және интернет қызметтерін көрсету қағидаларын бұзғаны үшін байланыс операторларына қатысты әкімшілік жауаптылық ескерілген.

Сонымен қатар байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру, интернет сапасының белгіленген талаптарға сәйкес келмегені үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту қарастырылған.

Заң жобасы аясында жұмыс барысында бюджеттік бағдарламалардың бірінші басшысының қарыз шартында белгіленген мерзімде мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін әкімшілік жауаптылығын белгілеуге қатысты түзетулер енгізілді.

Алкоголь өнімінің айналымы және этил спиртін өндіру бойынша кейбір терминдер нақтыланды, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау ережелерін сақтау бойынша талаптар белгіленді.

Бұдан басқа, қару-жарақ айналымына қойылатын талаптарды қатаңдату ескерілген.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз немесе оларды пайдалануға тыйым салынғаннан кейін көлік құралдарын қайта басқарғаны үшін жауаптылықты белгілеу бойынша түзетулер енгізіледі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін жауапшылықты қатаңдату бөлігінде түзетулер көзделген.


Соңғы жаңалықтар