+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма - министрлік жауабы

2021 жылғы 18 қаңтар 10:35
Бөлісіңіз:
Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма - министрлік жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Көлсай мен Қайыңды көлдері қыс басталысымен қатып, коньки тебуге арналған мұз айдынына айналады.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл алматылық 1238 әйел сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады Ұлттық кеңес саяси экономикалық реформалардың басты алаңына айналды - Ерлан Саиров 1 наурызда «BELKA. STRELKA» монеталары сатылымға шығарылады

Мемлекет қорғауына алыған нысандар да коньки тебуге болады ма? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде туристер мен кәсіби коньки тебушілердің көлдерде сырғанап жүрген видеолары мен суреттерін табуға болады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Көлсай көлінде коньки тебуге арналған арнайы жабдықталған алаңдар жоқ екенін атап өтті.

«Жеке тұлғалардың мұз үстінде болуына (оның ішінде коньки тебуге) заңмен тыйым салынбаған. Келушілер тарапынан коньки тебуге деген сұраныстың артуына байланысты жақын арада ұлттық парк Көлсайдың төменгі жағындағы көлде коньки тебуге арналған орын ашуды қарастырып жатыр. Ал Қайыңды көлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұзға шығуға және сырғанауға қатаң тыйым салынады. Төменгі және орта көлдерде балық аулауға рұқсат етіледі», - деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Көлсай мен Қайыңды көлдері Алматы облысы Райымбек ауданының аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, Үлкен Алматы көлінде де коньки тебуге қатаң тыйым салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT